Батыс Қазақстан облысында сапасыз мұнай өнімдерін саудалаған кәсіпкер жауапқа тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысында сапасыз мұнай өнімдерін саудалаған кәсіпкер жауапқа тартылды

15.04.2020

Батыс Қазақстан облысында сапасыз мұнай өнімдерін саудалаған кәсіпкер жауапқа тартылды. Заң бұзу дерегі жедел шара кезінде анықталды. Тәртіп сақшылары тоқтатқан жүк көлігінің жүргізушісінде 23 тонна мұнай өнімінің заңдылығын нақтылайтын құжаттар болмаған. «НафтунОйл» серіктестігі Қазталов ауданының білім беру мекемелеріне дизель отыны емес, қайта өңделген бензин мен жанармай қалдығынан тұратын қоспа жеткізіп берген.

Рауан ДИӘЛИ


Хабарламаларға жазылу