Сыр өңірінде құрылысшылар күні қарсаңында бірнеше нысанның іргетасы қаланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сыр өңірінде құрылысшылар күні қарсаңында бірнеше нысанның іргетасы қаланды

11.08.2022

Халықаралық жастар күніне орай неке сарайының құрылысын бастаудың өзіндік мәні бар. Аймақта алты айда 2276 жұп шаңырақ көтерген. Өңірде демографиялық ахуал жақсарып келеді. Заманауи үлгіде бой көтеретін нысанның сәулеттік келбеті де ерекше болмақ.

Феруза Ысқақова, «Авангард» ЖШС бас инженері:

Сметалық құның 1,5 миллард ақша. Биыл басталып келесі жылы май айында тапсыру жоспарланып отыр.

Аумағы атшаптырым жерді алып жатқан өнер орталығы қызылордалықтардың көптен күткен қуанышы. Көпфункционалды кешен Сыр руханиятының ордасына айналмақ. Мың орындық ғимаратта өнер өкілдеріне барлық мүмкіндіктер қарастырылады. Іргетасы қаланған тағы бір нысан – сол жағалаудағы қан орталығы. Құны 2,7 миллиард теңгені құрайтын нысанда 8000 литрге дейін қан сақталады. Жоба арқылы қан мен оның компоненттерін донациялау көрсеткіші 500-ден 10 мыңға дейін жетпек. Ал, «Бәйтерек» мөлтек ауданының тұрғындары тіршілік нәрінен таршылық көріп келеді. Ауыз су құбырында қысым төмен. Мәселені шешу мақсатында қуаты 7000 текше метрден асатын 3 резервуар салынып, 7 ұңғыма қазылады. Бұл 30 мыңға жуық халықты қамтамасыз етеді.

Нұрлыбек Нәлібаев, облыс әкімі:

Сексеуіл кентінде Төретам кентінде Шиелі ауданында көгілдір отын ауылдарға жеткізу мақсатында құрылыстар басталды. Бүгінгі күні 20 миллиард теңгеден астам құрылыс нысандарының іргетасын қаладық. Облыстық бюджеттен Бәйтерек мөлтек ауданының жолдарын күрделі жөндеуден өткізуге 500 млн теңге бөлінді. Көпір салуға облстық бюджеттен 368 млн теңге бөлінді.

Сыр өңіріндегі құрылысшылар мерекесі орталық алаңда еліміздің эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала концертпен қорытындыланады.

Асқар Сәрсенұлы


Хабарламаларға жазылу