Ауғанстанда биыл 1,1 миллион бала тойып тамақ ішпейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауғанстанда биыл 1,1 миллион бала тойып тамақ ішпейді

10.08.2022

Ауғанстанда биыл тойып тамақ ішпейтін бес жасқа дейінгі балалар саны 1,1 миллионға жетеді. Мұндай болжамды Біріккен Ұлттар Ұйымы жариялады. Аштықтан ауруханаға түскен бүлдіршіндер былтырғы жылдың көктемінен бері 10 мыңға көбейген. Қазір Кабулдегі Индира Ганди атындағы Балалар госпиталі мұндай науқастарды қабылдап үлгере алмай жатыр. Былтыр Ауғанстан билігін тәліптер басып алды. Содан бері бұл мемлекетке шетелден келетін қаржылай көмек тоқтап, елдегі гуманитарлық жағдай күрт нашарлап, экономика күйреп, бүгінде миллиондаған адам азық-түлік тапшылығынан зардап шегіп отыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу