Ауғанстанда балалармен бірге аналалар да аштыққа ұшырап отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауғанстанда балалармен бірге аналалар да аштыққа ұшырап отыр

27.05.2022

Ауғанстанда 1 миллионнан астам бала тойып тамақ ішпейді. Бұл олардың денсаулығына зардабын тигізуі мүмкін. Мұны Біріккен Ұлттар Ұйымы мәлімдеді. Аштықтан әлсіреген жеткіншектер ауруханаларға көптеп түсіп жатыр. Аталған Ұйым мен басқа да көмек агенттіктері өткен жылы миллиондаған адамды тамақтандыру бағдарламасын жүзеге асырды. Бұл- «Талибан» қозғалысы Ауғанстанды басып алған соң ашаршылықтың алдын алу үшін жасалған шара. Бірақ, елдегі жағдай күн өткен сайын нашарлап, кедейшілік өршіп, жәрдемге мұқтаж ауғандықтар саны артып отыр. Ахуалдың қиындауына Украинадағы жағдайға байланысты азық-түлік бағасының өсуі, халықаралық донорлардың қаржыландыру уәделерінің әлі орындалмауы да себеп.«Ассоушиэйтид пресс» агенттігінің хабарлауынша, Парван провинциясында балалармен бірге аналалар да аштыққа ұшырап отыр. 

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу