Түркиядан Ауғанстанға пойызбен 750 тонна жүк жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркиядан Ауғанстанға пойызбен 750 тонна жүк жеткізілді

08.02.2022

Түркиядан Ауғанстанға қайырымдылық пойызы жетті. Онда 750 тонна жүк тиелген. Гуманитарлық жәрдем тұрғындарға таратылады. Түркия ішкі істер министрі Сүлейман Сойлұның мәліметінше, Ауғанстанда 13 миллионға жуық бала көмекке зәру. Ал, Біріккен Ұлттар Ұйымының дерегінше, мұндағы халықтың жартысы аштыққа душар болған. 9 миллиондай тұрғын босып кетті, миллиондаған бала мектепке бара алмай отыр. Ұйым мен оның серіктестері 2022 жылы Ауғанстанда гуманитарлық апаттың алдын алу үшін 4,4 миллиард доллар қаржы жинау туралы әлемге үндеу жолдаған. Бас хатшы Антониу Гутерриш миллиондаған ауғандықтың қырылуы мүмкін екенін ескертіп, халықаралық қауымдастықты Ауғанстанның бұғатталған активтерін босатуға шақырды.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу