Қостанай облысында 5 жасар қызды іздестіруге тікұшақ тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында 5 жасар қызды іздестіруге тікұшақ тартылды

08.08.2022

Қостанай облысының Жамбыл ауылында жоғалып кеткен 5 жасар бүлдіршінді іздестіруге тікұшақ тартылды.

Қыз бала кеше таңертең үйінен шығып, қайта келмеген. Мадина есімді балдырғанды іздеуге 500-ден астам полицей тартылған. Одан бөлек, төтенше жағдай қызметкерлері мен еріктілер және ауыл тұрғындары да көмектесіп жатыр. Бірнеше дрон мен арнайы техникалар қолданылуда. Куәгерлер балақайды кеше ауылдан байқаған. Іздестіру жұмыстары әзірге нәтиже берген жоқ.


Хабарламаларға жазылу