Алматыда билетсіз адам жолаушы вагонының төбесіне шығып алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда билетсіз адам жолаушы вагонының төбесіне шығып алды

05.08.2022

Иә, қымбатшылық тек әуеде ғана емес. Пойыз билетінің бағасы да аспандап барады. Осыдан адамдар түрлі әрекетке баруға мәжбүр. Алматыда билетсіз адам жолаушы вагонының төбесіне шығып алды.

Ол осылайша Алматыдан – Оралға дейін жетпек болған. Тексеру барысында тәртіп бұзған Батыс Қазақстан облысының 47 жастағы тұрғыны екені анықталды. Жауап алу барысында ер адам билет алуға ақшасы жоғын айтып, пойыздың төбесінде үйіне жетуді ұйғарған. Азаматқа 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.


Хабарламаларға жазылу