Педагогтардың республикалық тамыз конференциясы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Педагогтардың республикалық тамыз конференциясы басталды

05.08.2022

Педагогтардың республикалық тамыз конференциясы басталды.
Жиын 19 тамызға дейін жалғасып, сол күні қорытындыланады. Ұстаздар екі апта бойы мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім берудегі өзекті мәселелерді талқылайды.Балалардың құқығын қорғау және білім беру сапасын қамтамасыз ету жайы да сөз болады. Сондай-ақ жаңа оқу жылының басымдықтары мен негізгі міндеттері айқындалады. Конференцияға жаңашыл педагогтар, білім беру ұйымдарының үздік жетекшілері, сарапшылар мен ата-аналар қауымының өкілдері қатысады. Спикерлер дөңгелек үстелдер, шеберлік сабақтары мен презентациялар өткізеді деп жоспарланған. Жиын барысында саланың үздіктерін Оқу-ағарту министрлігінің наградаларымен марапаттау рәсімі өтеді.

Хабарламаларға жазылу