Елордада білікті ұстаздар бас қосты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада білікті ұстаздар бас қосты

24.10.2019

Елордада «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының XI халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы басталды. 

Ауқымды шараға елімізден ғана емес, Ұлыбритания, АҚШ, Нидерланд және Израиль секілді елдерден келген мыңнан астам ұстаз қатысып, тәжірибе алмасып жатыр. 

Екі күнге жалғасатын конференция аясында атақты Кембридж, Стэнфорд, Утрехт университеттерінің оқытушылары дәріс оқып, білім беру жүйесін жетілдіруге қатысты ойларымен бөліспек. Әсіресе, педагогтардың қоғамдағы рөлі, мұғалім мен оқушы арасындағы байланыс пен заманауи білім беруге ерекше көңіл бөлінбек. «Бұл еліміздегі білім саласын жандандыруға септігін тигізеді», - дейді ұстаздар. 

Толғанай Асылбек, биология пәнінің мұғалімі:

Әрине біз өзіміз бір бағытта жұмыс істеп келеміз ғой. Бірақ бір бағытта тұрып қалуға болмайды деп ойлаймын. Үнемі жаңашылдық енгізіп отыру керек. 

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу