Қазақстандықтар тағы бір қаржылық пирамидаға алданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтар тағы бір қаржылық пирамидаға алданды

03.08.2022

Қазақстандықтар тағы бір қаржылық пирамидаға алданды. 2000-нан астам салымшы Антарес трейд компаниясына млндаған қаржы салып жіберген. Енді табыс та жоқ, ақша да жоқ. Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілдері алаяқтардың қатары артқанын айтып, абай болуға шақырып отыр.

Бұл азамат түрін жасыруды сұрады. Есімін де айтқысы келмеді. Өйткені, өзі де бұрын құқық қорғау органында қызмет істеген. Мамандығы – заңгер. Солай бола тұра, айлакерлердің қармағына түсіп қалған. Қаржы пирамидасына 50 млн теңгесін салып жіберген.

қала тұрғыны:

Былтырғы жылдың аяғында Ринат есімді танысым криптаволютадан табыс табуға шақырды. Басында бас тартқаныммен, ол мені бұл әлемдік нарықтағы беделді ұйым, ешқандай заңсыздық жоқ екенін айтып сендірді. 110 мың доллар қаржы құйдым. Одан ай сайын 70 пайыз өсімақы көресің деген. Қаражаттың бәрі менікі емес, жақындарымнан қарыз алған едім. Енді одан да қағылып қалдым.

Сан соғып қалған жалғыз бұл азамат емес. Компания көпшілікті криптавалюта арқылы қысқа уақытта байып кетуге сендірген. Атауы – Антарес трейд. Ең жоғары өсімақы уәде еткен. Қазір бұл ұйымға 2000-нан астам қазақстандықтың алданғаны белгілі. Шығын көлемі – 500 млн теңгеден асады.

Арнабек Әнуарбеков, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аға тергеушісі:

Адамдар криптавалютамен инвестиция жасайды. Негізінде ешқандай да криптавалюта мақсаты көзделмеген. Сол себептен адамдар алданып жатыр. бұл қаржылық сауаттылық жоқ екенін көрсетеді біріншіден. Және де көп халық тез байып кететінін қалайды ғой. Сол себептен осылай оңай баю жолын осылай баю жолын іздейді.

Өкініштісі, қулығына құрық бойламайтын алаяқтар жыл өткен сайын көбеюде. Экономикалық тергеу департаменті қазір 6 компания бойынша қылмыстық істерді тексеріп жатыр. Бәрінде мыңдаған салымшы бар. Млндаған қаржысын ойланбай құйған. Кейбірі тіпті кредит алып, қарызға белшесінен батыпты.

Асима Нұрбайқызы, тілші:

Қылмыстары дәлелденетін болса, қаржы пирамидасын ұйымдастырып, халықтың ақшасын жымқырғандар кемі 10 жыл арқалайды. Ал оңай жолмен олжа табамын деп ойлағандар шетінен оңбай ұтылып жатыр. Еселеп пайдаға кенелмек түгілі, енді өз ақшаларын алып шығулары екіталай.

Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу