Таразда жыл соңына дейін тағы 100-ден астам жанұя қоныс тойын тойламақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда жыл соңына дейін тағы 100-ден астам жанұя қоныс тойын тойламақ

02.08.2022

Баспана бақыты бұйырған жандардың бірі Тараздық Гүлжамал Балабекова. Алты баланың анасы, биыл «Асар» жобасы аясында Шалғай Қарасу алқабынан 3 бөлмелі жер үйдің кілтін алды.

Гүлжамал Балабекова, көпбалалы ана:

Көптен күткен арманымыздың бірі еді. Арманымыз орындалды, құдайға шүкір. Балалардың несібесі шығар. Сол қазір тұрып жатыр. Үйіміз жақсы 3 бөлмелі.

Қазір балалардың алды студент атанып үлгерсе, кенжелері балабақшаға барады. 10 жылдан бері үй кезегінде тұрған отбасы, пәтерақыны ай сайын төлеу де қалтамызға салмақ болды дейді.

үлжамал Балабекова, көпбалалы ана:

10 шақты жыл болды кезекте тұрғанымызға. Пәтер жолдап тұрғанбыз осы уақытқа дейін. Жобаны ұйымдастырған жеке кәсіпкерлерге, жанашыр демеушілерге алғысымыз шексіз. Жамбыл облысы басшылығымен ұйымдастырылып отыр.

Жоба басталғалы облыста 233 отбасы үйлі болған. Бюджеттен бір тиын да қаралмайды. Баспана тек ағайыннан құралған жылу мен қалталы азаматтардың көмегімен салынады. Осылайша кезекте тұрған жалғызбасты аналар, әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен көпбалалы аналарға табысталады.

Ғалым Исаков, Облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары:

Жалпы «Асар» жобасы 2019 жылы бастау алған облысымызда. 2019 жылы жалпы 99 үй тапсырылды. 2020 жылы 134 үй тапсырылды. Барлығы екі жылдың ішінде 233 отбасы баспаналы болды.

Биыл тағы 121 отбасыға осындай баспана салып беру жосапарланған. Ал жақын күндері 18 үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілмек.

Нұрдос Болатұлы


Хабарламаларға жазылу