2019 жылы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен күн сайын 160 отбасы үй алған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2019 жылы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен күн сайын 160 отбасы үй алған

25.12.2019

2019 жылы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы күн сайын 160 отбасы үйлі болған. Жыл басынан бері 48 414 салымшы қоныс тойын тойлаған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, айтарлықтай жоғары көрсеткіш. Яғни, жыл санап банк арқылы үй алатындардың қатары артып келеді.

Банк өкілдерінің сөзінше, алға қойылған мақсат толық орындалған. Мәселен, биыл табысы төмен, толық емес және көпбалалы отбасыларға арналған «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында 4 мыңнан астам жанұя қоныс тойын тойлаған. Солардың бірі – Гүлзира Төлегенова. Ол үш жыл ақша жинап, жақында ғана жаңа пәтердің иесі атанды.

Нұрхан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу