Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы өтті

01.08.2022

Кәсіпкерлер азық-түлік, күнделікті тұрмыста пайдаланылатын заттардан соңғы үлгідегі технологияларға дейін халық назарына ұсынды. Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы өтті. Дәстүрлі шараға 80-нен астам шағын және орта бизнес өкілі қатысты.

Бұл спорттық киімдерді мүмкіндігі шектеулі жандар тіккен. Оларды жұмыспен қамтып отырған қоғамдық бірлестік өкілдерінің сөзінше, өнім халықтың көлінен шығары анық.

Нұрғали Визат, Мүгедектер қоғамдық бірлестігінің өкілі:

Сапалары өте тамаша, бағалары да халыққа тиімді. Біз көбінесе мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істейміз. Бірде ұтамыз, бірде ұтып ала алмай қаламыз. Сондықтан жеке тапсырыспен жұмыс істегіміз келеді.

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

Енді энергетикалық сусындарды мынадай сұйықтықтар алмастыруы мүмкін. Бұл – жас бидайдың сығындысы. Бұны өндіретін кәсіпкерлердің сөзінше сұйықтық жүрек пен бауырдың жұмысын жақсартып. Шаштың түсуін тежейді. Сондай-ақ, терідегі қара дақтардан арылуыға сеп беледі.

Одан бөлек кәсіпкерлер гидропоника әдісі арқылы микро көкөністер өсіреді. Әзірге тауарға мейрамханалардан ғана сұраныс бар.

Жәңгір Үстеміров, кәсіпкер:

Біздің басты мақсатымыз халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау. Бұл көкөністер ағза өте пайдалы. Қазір адамдар келіп, қызығып, көріп жатыр.

Көрме-байқау «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары» және «Халыққа арналған үздік тауарлар» сынды 3 аталым бойынша өтті.

Айтуар Қошмамбетов, қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры:

Бұның маңызы өте зор. Кәсіпкерліктің және өндірістің беделін көтеріп, қазақстандық кәсіпкерлерді көрсету. Осы біздегі өндірістің бар екендікін және оның сапалы екенін біз халыққа жеткізу керекпіз.

Байқау нәтижесі бойынша 9 компанияның тауары үздік атанды. Енді олар республикалық кезеңге аттанады. Ел көлемінде өнімі мойындалған кәсіпорынға ақшалай сыйлықтар табысталып, президент өз қолымен марапаттайды. Одан бөлек алдағы 4 жылда өнімін «Қазкақстанның үздік тауары» белгісімен саудалау мүмкіндігіне ие болады.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу