Өткен айда халықтың зейнетақы қорындағы ақшасы 613 млрд теңгеге көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өткен айда халықтың зейнетақы қорындағы ақшасы 613 млрд теңгеге көбейді

29.07.2022

Өткен айда халықтың зейнетақы қорындағы ақшасы 613 млрд теңгеге көбейді. Ұлттық банк өкілдері қордағы жинақтың 13 млрд теңгеден асқанын хабарлады. Ал 36 млрд 700 млн теңге зейнетақы төленген. Сонымен бірге қордағы активтерді инвестицияға салу арқылы түскен таза кіріс те көбейді. Еске салайық, бұған дейін жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарнасына қатысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 3 нұсқаны ұсынған. Мәселе жарнаны 5%-ке өсіруге байланысты. Алғашқы балама зейнетақы жарнасын кезең кезеңімен өсіруді көздесе, екінші нұсқаны Атамекен кәсіпкерлер палатасы берген. Олар жұмыс берушілерден міндетті зейнетақы жарнасын алып тастау немесе оны біртіндеп көбейтуге шақырған еді. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу