Зейнетақы қоры облигациялар сатып алды

24.11.2020

Өткен айда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 143,8 млрд теңгеге «Қазақстан тұрақтылық қорының» облигацияларын сатып алды. Құнды қағаздардың жылдық табысы 12 пайыз шамасында. Жалпы, қараша айының деректері бойынша зейнетақы қорындағы квазимемлекеттік ұйымдардың облигациялары 1,85 трлн теңгені құраған. Олардың қор портфеліндегі үлесі шамамен 15 пайыздай. Осылайша зейнетақы активтерінің ағымдағы табысы 4,44%-ға жетті. Айта өтейік, «Қазақстанның тұрақтылық қоры» 2017 жылы құрылды.   

Ақерке Бектас


Зейнетақы қоры облигация

Хабарламаларға жазылу