Қостанай облысында ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін субсидияны жымқырғандар сотталды. 2021 жылдың ақпан айында «Агрорпромтрейд 2030» кәсіпорны бірнеше ауылшаруашылық құрылымымен картоп тұқымын сату және сатып алу туралы келісім-шарт жасасқан. Кейін осы келісім-шарт негізінде облыстық ауылшаруашылық басқармасына тұқым сатқаны үшін субсидия аудару туралы өтінім берген. Тексеру барысында бұл шаруашылықтардың ешқайсы аталған кәсіпорыннан тұқым сатып алмағаны, тіпті кейбіреуі мүлде картоп екпейтіні немесе жұмысын әлдеқашан тоқтатқаны әшкереленді. Сөйтіп жең ұшынан жалғасқандар мемлекетке 96 млн теңге зиян келтірген. Осы заңсыздыққа байланысты 5 қылмыстық іс қозғалып жуырда сот үкімі шықты.
Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
Сотпен «Агртрейд 2030» ЖШС директорына 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар алты жылға дейін коммерциялық және мемлекеттік ұйымдарда материалдық-жауапты және басшылық қызмет атқаруыларына тиым салынды.
Дәуренбек Әбдібек