Бішкек қаласында ауа температурасының рекордты көрсеткіші тіркелген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бішкек қаласында ауа температурасының рекордты көрсеткіші тіркелген

28.07.2022

Көрші Қырғызстанда аптап ыстық. Кеше ел астанасы Бішкек қаласында ауа температурасының рекордты көрсеткіші тіркелген. 40,6 градус. Бұл метеобақылау тарихындағы ең жоғары термометр деңгейі. Әдеттегіден 6,4 градусқа жоғары. Аптап ыстықта тұрғындарға полицейлер де көмекке келген. Шаһар көшелеріне арнайы суатқыш техникалар шығып, жаңбырлатты. Әдетте бұл көліктер митинг кезінде қолданылады. Алайда бұл жолы тұрғындар оның шарапатын көрді. Қолдан жасалған жауынға әсіресе балалар дән риза.  

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу