Мереке және демалыс күндері еліміздің оңтүстік аймақтарында жауын-шашын болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мереке және демалыс күндері еліміздің оңтүстік аймақтарында жауын-шашын болады

07.03.2018

Ауа температурасы +8-18 градусқа дейін жылиды. Әрі қарай +15-25 градусқа дейін көтеріледі. Ал, батыс, солтүстік, орталық өңірге Батыс Сібір аймағынан суық және ылғалды ауа массалары түседі. Сол себептен ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Күшейген желдің жылдамдығы секундына 23 метрге дейін жетеді деп күтілуде. Ал, ертең мереке күні Астана мен Алматы қаласы жауын-шашынсыз өтеді. Наурыз айының 9-ы мен 10-ы күні Алматы қаласында жаңбыр жауады.

Зайна Сағындықова, «Қазгидромет» РММ жетекші инженері:

- Астана қаласында 8-наурыз жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ауаның температурасы түнде 17-19 градус аяз, күндіз 7-9 градус аяз болады. 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

 

Хабарламаларға жазылу