Қостанай облысында тазалық талабын сақтамағандар экраннан көрсетіледі
Қостанай облысындағы Рудный қаласында қоқыс шығару талабын сақтамағандардың әрекеті орталық алаңдағы үлкен экраннан көрсетіледі. Сонымен қатар жергілікті әкімшіліктің инстаграмм парақшасына да жүктеледі. Қала басшылары осылайша тұрғындардың тазалық мәдениетін қалыптастыруға үмітті. Бұған себеп азаматтардың дені тұрмыс қалдығын арнайы контейнерлерге дұрыстап салмай бей-берекет шашып кетеді. Тіпті олардың бірқатарын полиция анықтап, айыппұл салғанмен де оң нәтиже жоқ. Сондықтан жауапсыз азаматтардың оғаш қылығын жұртшылққа жариялау бұл бассыздыққа тосқауыл бола ма деген үміт бар. Айта кетейік Рудный қаласындағы тұрғынүй аулаларынан күніне 50 тоннадан артық қоқыс шығарылады.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Білім сапасы жақсарса, ұлттық бәсеке қабілеті арта түседі»
09.09.2026, 00:42
90 жастағы қария темірден түйін түйеді
08.09.2026, 21:16
Жаңа оқу жылында 57 мектеп ашылды
08.09.2026, 20:15
Енді мұғалімдерге сабақ сағатын ЖИ бөледі
08.09.2026, 20:14
Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты
08.09.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына қысқаша шолу
08.09.2026, 20:12
Экономика өсіп келеді: ЖІӨ 70,9 трлн теңгеге жетті
08.09.2026, 20:10
Қазақстандықтар микронесие алуды азайтты
08.09.2026, 20:09