Түркістан облысы: Жол сапасына жауапты басшы жұмыстан кетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысы: Жол сапасына жауапты басшы жұмыстан кетеді

28.07.2022

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің автомобиль жолдары комитеті Түркістан облысындағы жолдардың сапасына қатысты тұрғындардың арыз-шағымын ескерді.

Комитет “ҚазАвтоЖол” ұлттық компаниясына аймақтағы филал басшысын қызметінен босатуға кеңес берді. Сондай-ақ жол сапасын тексеретін және оны қабылдайтын мекеме басшыларына сөгіс жариялады. Естеріңізге салсақ, бұған дейін аптап ыстықта асфальттің балқып, бетон плиталарының көтеріліп кеткені әлеуметтік желіде тарап, тұрғындардың наразылығын тудырған болатын.

Нұрсұлтан Тілектес 

Хабарламаларға жазылу