Енді мемлекеттік қызметкер «жемқорлық» үшін ұсталса, басшылары қызметтен кетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Енді мемлекеттік қызметкер «жемқорлық» үшін ұсталса, басшылары қызметтен кетеді

04.03.2020

Мемлекеттік қызметкер «жемқорлық» үшін ұсталса, олардың басшылары өз еркімен қызметтен кетуі тиіс деген заң күшіне енді. Жаңа ереже бойынша, жұмысшысы пара алған басшы сот үкімінен кейін 10 күннің ішінде жұмыстан шығуға өтініш беруі тиіс. Бірақ, бұл заң/ өткен жылдың 10-желтоқсанынан кейін жасалған қылмыстарға ғана қатысты. Сондай-ақ, мемлекеттік саяси қызметші өздері қызметке тағайындалған соң үш ай өткеннен кейін ғана жасалған жемқорлық үшін жауапты болмақ. Сол себепті, әзірге ешкім өз еркімен орнынан кетпейтін сияқты.

Аманкелді Сейітхан    

Хабарламаларға жазылу