Криптовалюта саудасы: Инвесторлар шығынға батты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Криптовалюта саудасы: Инвесторлар шығынға батты

25.07.2022

Жалған қосымшаларды қолданып, криптоинвесторлар 42 млн доллар шығынға батқан. Былтыр алаяқтардың заңсыз әрекетінен 240-тан аса инвестор зардап шеккен. Түпнұсқаны айнытпай көшірген алаяқтар фишингтік қосымша дайындап, криптовалюта сатып алуға ниет білдірген адамдардың ақшасын ұрлаған.

Азаматтардың электронды әмияндағы ақшасын бұғаттап тастаған. Мамандар қазір цифрлық валюта саудасымен айналысатын жалған алаңдардың көбейіп кеткенін ескертеді. Ал Қазақстанда криптовалютаны теңгемен сатып алуға болатынын еске саламыз. Ол үшін Астана халықаралық қаржы орталығы цифрлық активтерді басқаратын 6 компанияға лицензия берген. Заңды жұмыс істейді. Криптовалюта сатып алу үшін биржалардың ресми сайтына тіркелу қажет.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу