«Lufthansa» миллиондаған еуроға шығынға батты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Lufthansa» миллиондаған еуроға шығынға батты

10.11.2015
«Lufthansa» миллиондаған еуроға шығынға батты
Неміс тасымалдаушысы тек дүйсенбіде ғана 10 миллион еуро жоғалтқан.

«Lufthansa» әуе компаниясы 60 жылдан бергі ең үлкен шығынға батып отыр. Неміс тасымалдаушысы тек дүйсенбіде ғана 10 миллион еуро жоғалтқан. Бұған өткен бейсенбіде басталған бортсеріктердің бір апталық ереуілі себеп.

Наразылықтың кесірінен өткен тәулікте бір мыңға тарта ұшақ сапарға аттанбай, 100 мыңнан астам жолаушы діттеген жеріне жете алмады. Оның ішінде Қазақстанға да ұшпай қалған рейс бар.

Бортсеріктер құрметті демалысқа шыққан қызметкерлердің зейнетақысын қысқарту туралы шешімге наразы. Бұл дауды шешу жолындағы келіссөздер әзірге нәтиже бермей отыр.

Мадина МҰҚАНОВА

Хабарламаларға жазылу