Оңтүстікқазақстандық шаруалар шығынға батты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстікқазақстандық шаруалар шығынға батты

03.05.2018

Оңтүстік Қазақстан облысының шаруалары қыстан бері қам жасап өсірген қырыққабатын сата алмай мазасы қашып отыр. Өйткені, осы аптада өңірде дизель отынының бағасы шарықтап, 169 теңгеге бірақ жетті. Жол шығынының қымбаттығын алға тартқан сатып алушылар сап тыйылады. Алғашқыда келісін 80 теңгеден сатып алған қырыққабатты қазір сұрап келіп жатқандар кем. Шаруалар енді піскен өнімді өткізе алмай дағдарып отыр.

Диқандардың қырыққабаттың алғашқы өнімін жинауға кіріскеніне екі аптаның жүзі болды. Оның алғашқы легі өз елімізден бөлек, Ресей мен Беларусь еліне жөнелтілген еді.  Биыл Мақтаарал ауданы бойынша  892 гектардан астам жерге көкөністің осы түрі егілді. Бүгінгі таңға дейін  оның 18 мың 700 тоннасы жиналды. Жиын-терім қазір көптің күшімен атқарылып жатыр. Олардан бірнеше бригада жасақталған. Диқандар әр гектардан 30 центнерге дейін өнім жинауда.

Нариман Тұрсынбеков, шаруа:

- Өнімділік жаман емес, су бар. Балалар беретін тыңайтқышын беріп жатыр. өнім жақсы. Тек  нарық болмай тұр. Жанармайдың қымбаттығы диқанның соры. Қымбатшылық болған сайын диқанның өнімі төмен түсе береді.

Дәурен Әділбеков, шаруа:

Өзбекстан Республикасының шекарасы ашылғалы бері бағасы түсіп, биылғы шығынымызды жаппайды-ау деп отырмыз.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ     

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.
 

Хабарламаларға жазылу