Елорданы газдандыру жұмыстары жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорданы газдандыру жұмыстары жалғасуда

25.07.2022

Елорданы газдандыру жұмыстары жалғасуда. Оған «QazaqGaz» ұлттық компаниясының ақпараттандыру іс-шараларын жан-жақты қолға алғаны себеп. Өткен жылы компания өз қаражаты есебінен газ тарату желілерін салып, Интернациональный, Мичурино және Күйгенжар тұрғын алаптарын газдандырды. Бас қалада жыл басынан 1 870 шаңырақ көгілдір отынға қол жеткізді.

Зейнеткер Талғат Ташкеев тұратын көшеге газ 2020 жылы тартылған. Есік алдына келіп тұрған газды үйіне кіргізетін жағдайы болмаған отбасына «QazaqGaz» көмектесті.

Талғат Ташкеев, қала тұрғыны:

Біраз жұрт тартып игілігін көріп жатыр. Қашан көреміз деп жүрген жаңалық, енді бізге де жетті.Қыс бойы көмір жағып, пеш жағып, енді сол михнаттың бәрінен құтылайық деп отырмыз.

Зылиха Қалбаева, қала тұрғыны:

Газ жүргізіп, міне бүгін рахаттанып жатырмыз. Газ деген ижақсы екен. Қуанышты боп жатырмыз.

Қазір Көктал-1, Көктал-2 және Агрогородок шағын аудандарында 5 141 үйдің газға қосылуға толық мүмкіндігі бар. Бүгінде олардың 39 пайызы көгілдір отынмен қамтылған. «QazaqGaz» әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың үйлеріне газ тартуды бастады. Тізімді қала әкімдігі бекітеді. Бүгінгі таңда әлеуметтік осал топтардың тізіміне 400 отбасы тіркелген.

Санжар Жаркешов «Qazaqgaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы:

Біріншіден, Мемлекет басшысының тапсырмасы. Негізі халықтың әлеуметтік осыл топтарынарына арналған ерекше шарттар қолданылуда». «QazaqGaz» ҰК жоспары бойынша жыл соңына дейін «Көктал-2» аймағы ғана емес, елордамыздың басқа аймақтарын да газбен қамтамасыз етуге үлкен қарқынды жұмыс бар, жоспар бар.

Қазір газ тартуға қажетті құжаттар 2 есе азайды. Техникалық шарттарды алу үшін «ҚазТрансГаз Аймақ»-тың сайтына онлайн өтініш жазуға болады. «Бір терезе» арқылы жүзеге асырылатын газдандыру процесі тез әрі қолжетімді болып отыр.

Дарын Сағитов


Хабарламаларға жазылу