Үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда

22.07.2021

Ауыл әкімін сайлауға небәрі 3 күн қалды. Осыған орай, өңірлерде үгіт-насихат шаралары үдей түсті. Атыраудың іргесіндегі 3800-ге жуық тұрғыны бар дамбы ауылдық округінде «Ауыл» халықтық демократиялық патриоттық партиясының өкілдері елді мекен халқымен кездесіп, түйіні тарқамаған мәселелерге құлақ түрді. Көпшілік ауыз судың тапшы екенін, жарықтың жоқтығын және ауылдағы жұмыссыздықты шешу қажеттігін айтты. Сайлауға ауылдық округтен 3 үміткер қатысуға ниет білдірген.

Төлеутай Рахымбеков, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Барлығы 2400-ге жуық әкім бар, қазақстан республикасында. Соның ішінде 750-ге жуығы осы сайлау арқылы таңдалады 25 шілдеде. Әрине бұл халыққа заң арқылы беріліп отырған үлкен құқық. Екіншіден азаматтарға үлкен жауапкершілікті артады.

Әуезғали Шербасов, тұрғын:

Сайлауға бару әрбір азаматтың міндеті. Елдің болашағы үшін, жақсы дамуы үшін, сайлауға бару борышымыз деп есептеймін. Сондықтан да барамын. Қатысамын.


Хабарламаларға жазылу