Алматыдағы «Алтын Орда» базары иесінен 47 миллион теңге тәркіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы «Алтын Орда» базары иесінен 47 миллион теңге тәркіленді

22.07.2022

Алматыдағы «Алтын Орда» базары иесінен 47 миллион теңге тәркіленеді. Сондай-ақ сот шешіміне сәйкес сауда нысанын иеленетін компанияға 1 млн 424 мың тенге айппұл салынды. Мұндай ақпаратты Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі таратты. Алматы облысы Қарасай әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысы бойынша «Altyn Orda QazTrade LTD» ЖШС әкімшілік жаупкершілікке тартылды. Бағаны көтерген кезінде алынған кіріс, яғни 46 млн 976 мың теңге тәркіленеді. Айта кетейін, 2022 жылғы наурызда «Алтын Орда» базарын тексеру кезінде сауда орындарын жалға беруде тым жоғары монополиялық баға белгіленгені анықталған.

Гүлмира Найманова, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі алматы облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы:

Тексеру барысында серіктестіктің бұйрығына сәйкес автокөліктерге сауда орнын жалға беру бағасы 3500 теңгеден 15 мың теңге құрайтындығы анықталды. Осыған байланысты серіктестікке қатысты әкімшілік іс қозғалып, Қарасай мамамандандырылған ауданаралық сотында қаралып, серіктестік әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу