СҚО-дағы Қозыбаев университеті америкалық Аризона университетімен бірлесіп маман даярлай бастайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-дағы Қозыбаев университеті америкалық Аризона университетімен бірлесіп маман даярлай бастайды

22.07.2022

Жаңа оқу жылынан Солтүстік Қазақстандағы Қозыбаев университеті америкалық Аризона университетімен бірлесіп маман даярлай бастайды. Қазір құжат қабылдау науқаны жүріп жатыр. Әзірге жоғары оқу орнында білім алуға 1 мыңнан астам талапкер ниет білдірген. 500 мемлекеттік грант бөлінді. Студенттер алғашқы 3 жыл бойы Қазақстанда білім алса, соңғы, 4-ші курсты АҚШ-та аяқтауға мүмкіндік алады. Оқуды сәтті аяқтаған түлектер қос дипломға ие болады.

Гүлмира Оспанова, Қабылдау департаментінің директоры:

Универистетке барғанда оларға тұратын жерлері, перелет, стипендия бәрі тегін болады. Стипендия сақталады. Бір дипломның өзін олар екі рет жазбайды. Оны мына жақта да, ана жақта да қорғайды.

Қазір Петропавлда жаңа оқу корпусы салынып жатыр. Құрылыс алдағы оқу жылына дейін аяқталмақ. Аризона универсиеті әлемдегі 150, Америкадағы ең үздік 40 университеттің қатарында. Екіжақты әріптестік аясында Қазақстанның еңбек нарығына қажетті ІТ, агротехнология және биотехнология саласының мамандары даярланады.

Қайрат Сапаров, Kozybayev university шет тілдер орталығының жетекшісі:

Еліміздің барлық жастарын шет елге алып барып оқыта алмаймыз. Ол енді үлкен қаражатты талап етеді. Шетелдік профессорлардың келіп, осындай серіктестіктің арқасында осы жерде жұмыс істей алатынына және біздің жасарың білім ала алатынына сол арқылы үлкен бір мүмкіндіктер туғызады деп ойлаймыз

Элмира Кәленова                 

Хабарламаларға жазылу