Украинаның Қауіпсіздік кеңесінде кадрлық тексеріс басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинаның Қауіпсіздік кеңесінде кадрлық тексеріс басталды

19.07.2022

Украинаның Қауіпсіздік кеңесінде кадрлық тексеріс басталды. Ведомствоның 28 шенеунігін жұмыстан шығару мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы президент Владимир Зеленский мәлімдеді.

Бұған дейін ол Қауіпсіздік кеңесінің басшысы мен бас прокурорды уақытша қызметтен шеттеткен еді. Аталмыш шара лауазым иелерінің қызметкерлерді тергеу ісіне араласпауы үшін қабылданған. Зеленский "Олар басқарған екі органда ондаған адам Ресеймен ымыраласып, Украинаға қарсы жұмыс істеген" деп мәлімдеді.  

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу