Украинаның Қауіпсіздік қызметінің басшысы мен бас прокуроры жұмыстан уақытша шеттетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинаның Қауіпсіздік қызметінің басшысы мен бас прокуроры жұмыстан уақытша шеттетілді

18.07.2022

Украинаның Қауіпсіздік қызметінің басшысы мен бас прокуроры жұмыстан босатылды деген ақпарат расталмады. Украина президенті кеңсесінің мәлімдеуінше, олар қызметтен уақытша шеттетілді. Лауазым иелерінің қызметкерлерді тергеу ісіне араласпауы үшін қабылданып отыр. Президент Зеленский олар басқарған органдарда ондаған адам Ресеймен ымыраласып, Украинаға қарсы жұмыс істеген деп мәлімдеді. «Рейтер»-дің дерегінше, Украинада құқық қорғау органдары мен прокуратура қызметкерлеріне қарсы мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен 651 іс қозғалған. Ал қарулы қақтығыс жалғасып жатыр. Бүгінгі ақпаратқа сай, Ресей снарядтары Украинаның шығысындағы Торецк қаласына түскен. 6 адам қаза тапты. Ал Мәскеу болса, бейбіт тұрғындарды қасақана нысанаға алғанын үнемі жоққа шығарып келеді.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу