Ақмола облысында бүтін бір отбасы індетке шалдықты

05.06.2020

Ақмола облысында бүтін бір отбасы індетке шалдықты. 5 адам да бір жанұяның мүшелері. Целиноград ауданының Қараөткел ауылының тұрғындары. Үлкені - 56 жаста, кішісі -1 жасар бала. Барлығы инфекция жұқтырған адаммен байланыста болған. Науқастар Көкшетау қаласына жеткізілді. Олар Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансерінде ем қабылдайды. Өңірде мамыр айында 60 науқас тіркелсе, маусымның 5 күнінде 23 адам коронавирус жұқтырды.

Атырау облысындағы Теңіз мұнай кен орнында вирусқа шалдыққан науқастар саны мыңнан асты. Бүгін кеніш аумағындағы мердігер мекемелерде жұмыс істейтін тағы 7 қызметкерден инфекция анықталды. Эпидемиологиялық ахуал қала орталығында да тұрақталар емес. Шахардың өзінде 103 тұрғын індет құрығына ілікті. Өңірдегі бас санитарлық дәрігер, саябақтар мен алаңға баруға тыйым салды.

Ермек ЕЛБЕРГЕН


Хабарламаларға жазылу