Басты Жаңалықтар Қарағанды облысында бір күнде 49 адамнан коронавирус анықталды

Қарағанды облысында бір күнде 49 адамнан коронавирус анықталды

Қарағанды облысында бір күнде 49 адам вирусқа шалдықты. Сөйтіп, қауіпті індеттің тәуліктің өсімі 7 пайызды құрады. Ал Атырау облысындағы Теңіз мұнай кенішінен инфекция жұқтырғандар саны 850-ге жетті.

Қарағанды облысында коронавирус жұқтырған 49 адамның 32-сі кеншілер қаласынан. Науқастардың жағдайы қалыпты. Індет ошақтары дезинфекцияланды. Бүгінде облыста қауіпті инфекцияға 750-ден астам адам шалдықты. Үшеуі қайтыс болды.

Атырауда бүгін тағы да Теңіз кенішінің 15 жұмысшысы коронавирусқа шалдықты. Облыста індет құрығына іліккен 950-ден астам адамның 850-і Теңізден шығып отыр.

Ақмола облысында эпидемиологиялық ахуал қалыпты болса, маусымның 15-інен жазғы лагерлер жұмыс істей бастайды. Ал жағдай қиындаса, білім басқармасы жазғы демалысты онлайн режимінде ұйымдастыруға дайын.

Жандос ТЕМІРҒАЛИ


Бөлісу