«Astana Ballet» театры гастрольдік сапарда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Astana Ballet» театры гастрольдік сапарда

15.03.2014
«Astana Ballet» театры гастрольдік сапарда

«Astana Ballet» театрының Алматыдағы гастрольдік сапары жалғасуда. Театр өнерін тамашалау үшін оңтүстік астанадағы өнерсүйер қауым Абай атындағы Опера және балет театрына ағылды.

 
Тоғжан Жалғасбекқызы, тілші:
«Astana Ballet» театырының бүгінгі қойылымына да халық көп жиналды. Театр ұжымы Алматыға тек таңдаулы билерін әкелген. Қазақ композиторларымен қатар, әлемдік классиканың ең үздік музыкаларына қойылған «Қарлыгаш», «Жібектің түсі», «Құс жолы», «Жеті сұлу», «Қазақ вальсі» сынды ерекше хореографиялық композициялар көрсетілуде.
 
Әр қимылы өнерпаздың өн бойынан өткен би ғана көрерменге ой салады. Бүгін осыны аңғардық. Расымен де, өнерге жаңа көзқарас, жаңа леппен келген жас ұжымның түрлі жанрдағы биі көрермендерге тек әдемі көрініс қана сыйлап қоймай, ерекше сезімге бөлеуде.
 
«Құс жолы» деп аталған бағдарламада - ұлттық биіміз қазіргі заман тілімен көрсетілді. Классика мен әлемдік хореографияның озық туындылары бір арнаға тоғысқан. Бірақ, бұл тек бастамасы. Жас театр қазақ би өнері деңгейінің биік екенін - барша әлемге көрсетуді көздеп отыр.
 
 
Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ
 

Хабарламаларға жазылу