Павлодарлық шаруалар дизель отынының дұрыс бөлінбеуіне қатысты наразылық білдірді. Олардың сөзінше, әкімдік қордың көп бөлігін «ЛВ Трейд» компаниясына береді екен. Аталған мекеме ірі көлемді игере алмайды. Салдарынан бекеттерде ұзын-сонар кезек пайда болады. Өткен жылы күзгі дала жұмыстарына бөлінген 20 мың тонна дизельдің тең жартысынан астамын ЛВ Трейд алған. Кәсіпкерлер мұндай бассыздықтың 3-4 жылдан бері жалғасып келе жатқанын айтады.
Ғабит Өмірбеков, Заңгерлер палатасы төрағасының орынбасары:
Ауыл шаруашылығы басқармасы бізді қаперіне алмастан, дизельдің көбін ЭЛЭФ Трейдке береді. Сол арқылы кәсіпкерлердің құқығын бұзып, заңсыз әрекетке барып отыр. Бұл жағдай 3-4 жылдың көлемінде жалғасып келе жатыр. Осы жылы көктемгі дала жұмыстарына Парнас пен Рымжан серіктестігіне 2 мың тонна ғана дизель берді. Ал ЭЛЭФ Трейдке 7 мың 600 тонна берілген.
