Астанадағы Қазақ музыкалық-драма театрында алғаш рет ағылшын тілінде қойылым сахналанды.
Мұндай тамаша мүмкіндікті елордалықтарға Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің студенттері берді.
«Шаңырақ» деп аталатын жоғары оқу орнының театры осыдан 4 жыл бұрын құрылған еді. Бүгінде оның репертуарында 20-ға жуық қойылым бар.
Осы жолы студенттер белгілі драматург Жолтай Жұматтың «Мұңмен алысқан адам» атты драмасына тоқталған. Бұл туынды туған жерге деген махаббат жайында.
Сюжетте тағдырдың тәлкегімен ХХ ғасырдың 30-шы жылдары шетел асқан қазақ баласының сағынышы баяндалады.
Айдана ҮСЕНБАЙ