Жапонияда вирустың жаңа толқыны тез тарап жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияда вирустың жаңа толқыны тез тарап жатыр

15.07.2022

Жапония үкіметі тұрғындарды коронавирустың жаңа толқыны тез тарап жатқаны туралы ескертіп, сақ болуға үндеді. Бұған қоса көпшілікті, әсіресе 20-30 жастағы азаматтарды, қосымша вакцина алуға үндеді. Елдегі әуежайлар мен теміржол станцияларына коронавирусты тексеруге арналған тегін алаңдар қойылды. Әзірге адамдардың жүріп-тұруына ешқандай шектеу енгізілмейді, шекарада бақылау күшейтілмейді. Жапония астанасында соңғы тәулікте 16 мыңнан астам адам ковид жұқтырған.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу