Президент қосымша білім беру мәселесіне тоқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент қосымша білім беру мәселесіне тоқталды

15.07.2022

Президент қосымша білім беру мәселесіне де тоқталды. Қазір үйірмелер мен секцияларға қатысатын балалардың саны 70 пайызға дейін көбейді. Бірақ жоба іске қосылғанда қаржы бөлу мен тиісті «Артспорт» порталының жұмысына қатысты олқылықтар туындады. Бір бала бірнеше үйірмеге барады. Соның салдарынан басқа бала бұл мүмкіндіктен қағылып отыр. Кемшіліктің бәрін түзетіп, осы игі бастаманы жалғастыру қажет, деді Президент. Үкімет пен әкімдер жұртшылықпен бірлесіп, жобаны жетілдіруі қажет. Ауылдық жерде тұратын балаларға мән берген жөн. Мемлекет басшысы бұған дейін бөлінген қаржының жұмсалуын тексеру қажеттігін айтты. Бұл міндет Бас прокуратураға жүктеледі. 

Хабарламаларға жазылу