Мектеп формасына қатысты жаңа талап енгізілді. Елорданың Білім басқармасы барлық мектепте оқушылардың бірыңғай қара-көк түсті формасын бекітті. Десе де, ата-аналар мектеп формасын өз қалауы бойынша таңдай алады. Бастысы, негізгі ережеге сәйкес болуы керек.
Бірінші кезекте - киім классикалық стильде тігілген болуы шарт. Ұлдарға: пиджак, жилет, шалбар, ақ жейде ұсынылады. Сонымен бірге, шалбар еркін кесілген және ұзындығы аяқтың тобығын жабатындай.
Қыздарға: пиджак, юбка, шалбар, классикалық ақ блузка, сарафан. Олардың шалбары еркін пішіліп, аяқтың тобықтарын жабатын, кеңселік белдемшенің ұзындығы тізеден 5 см-ден аспайды. Сондай-ақ мектеп формасына түрлі конфессиялардың, діни киім элементтерін енгізуге жол берілмейді.