Балаңызды жаңа оқу жылына дайындау үшін қанша ақша жұмсайсыз? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балаңызды жаңа оқу жылына дайындау үшін қанша ақша жұмсайсыз? (ВИДЕО)

26.08.2015
Балаңызды жаңа оқу жылына дайындау үшін қанша ақша жұмсайсыз? (ВИДЕО)

Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Еліміздегі нарықта бір баланы оқу жылына толықтай дайындау үшін қанша қаражат керек?

Жалпы, мектеп формасы, өзге де киім-кешектен бөлек, бір балаға қажетті оқу құралдарын алу үшін базар бағасымен есептегенде, кем дегенде 5 мың теңге қажет екен.

Ал, мектеп формасы, спорттық киімі мен аяқ киімін санағанда 14-24 мың теңге аралығында ақша жұмсайсыз.

2013-2014 оқу жылында 5400 мектептің 1,8 миллион оқушысы бірыңғай формаға көшкен. Бірыңғай мектеп формасының бағасы үлгісі және жиынтығына қарай 4500-13500 теңге аралығын құрайды.

Бірыңғай мектеп формасы  бастапқыда ата-аналардың арасында әлеуметтік жағдайларына байланысты түрлі пікірлер туғызған. Кейін бұл ережені қолдайтындар көбейді.

Ал, мамандар не дейді? «Таңшолпаннан» біліңіз. 

Хабарламаларға жазылу