Бүгін ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына үміткерлердің сайлауалды үгіт жұмыстары тоқтатылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына үміткерлердің сайлауалды үгіт жұмыстары тоқтатылады

26.06.2017

Бүгін түнгі сағат 00:00-ден бастап ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына үміткерлердің сайлау алдындағы үгіт жұмыстары ресми түрде тоқтайды. Орталық сайлау комиссиясының отырысында төраға Берік Имашев осылай деді. Ертең  - тыныштық күні. Қазіргі таңда, үміткерлердің толық тізімі айқындалды. Сайлауға ұзын саны 38 үміткер қатыспақ. Оларды аудандық, қалалық және облыстық мәслихат депутаттары сайлайды. Сәрсенбі күні таңғы  сағат 9-дан бастап сайлау басталады. Биылғы сайлаудың бір ерекшелігі дауыс беру толықтай электронды түрде өтеді.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу