Украина Ресейдің ауқымды әскери операциясына тойтарыс бермек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украина Ресейдің ауқымды әскери операциясына тойтарыс бермек

13.07.2022

Украина әскері елдің шығысында Ресейдің ауқымды әскери операциясына тойтарыс беруге дайындалып жатыр.

Донецк облысы басшысының сөзінше, Бахмут пен Северск, Славянск пен Краматорск маңында Ресей әскері шоғырланып жатқаны байқалады. Луганск облысын толықтай басып алған Мәскеу енді Донецкіні жаулауды көздейді. Ал Часов Яр қаласына зымыранмен жасалған шабуыл құрбандарының саны 45 адамға жетті.

Украина астығын экспорттау мәселесі талқыланады

Бүгін Украина астығын экспорттау мәселесі Түркияның Ыстанбұлында талқыланады. Ресей, Украина және Түркияның делегаттары БҰҰ-ның өкілдерімен осы мақсатта кездеседі. "Би-Би-Си"-дің дерегінше, спутниктік деректерге сай, Украинаның ауылшаруашылық жерлерінің 22 пайызы қарулы қақтығыс кезінде Ресейдің бақылауына өткен.


Хабарламаларға жазылу