Қара теңізде НАТО-ның әскери жаттығулары басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қара теңізде НАТО-ның әскери жаттығулары басталды

29.06.2021

Ресейдің қарсылығына қарамастан, Қара теңізде Украина мен НАТО-ның ауқымды әскери жаттығуы басталды. Оған тағы 30 елдің әскерилері де қатысады.

Екі аптаға созылатын маневрларға Құрама Штаттар мен оның НАТО-дағы одақтастарынан 30 шақты кемесі мен 40 әскери ұшағы қатысады. Мәскеу бұл ойындарды сынап, оны жіті қадағалайтынын ескертті. Айта кетсек, альянс жаттығулары сәрсенбі күні Ресей әскері британдық кемеге оқ атып, оның жолына бомба тастағаннан кейін ұйымдастырылып отыр. Бұған қоса, биыл Мәскеу Украина шекарасы маңына сан мың жауынгерін шоғырландырып, техникасының кейбірін әлі күнге дейін әкеткен жоқ.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу