Елімізде қоқысты өңдеу мен залалсыздандыру жұмыстарын ширату қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде қоқысты өңдеу мен залалсыздандыру жұмыстарын ширату қажет

12.07.2022

Елімізде қоқысты өңдеу мен залалсыздандыру жұмыстарын ширату қажет. Экология министрілігі осы арқылы аталған сала мен жасыл экономиканы қолдау тетіктерін кеңейтуді жоспарлап отыр. «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы аясындағы іс-шаралар халық үшін қолайлы орта қалыптастыру мен экологиялық жағдайды жақсартуды қамтиды. Оның ішінде өндіріс және тұтыну қалдықтарын тиімді пайдалануға басымдық беріледі. Жергілікті атқарушы органдар да осы салаға арналған арнайы бағдарлама әзірлеуі тиіс. Ведомство өкілдерінің айтуынша, елімізде жыл сайын 4,5 млн тоннаға жуық тұрмыстық қатты қалдықтар шығарылады. Ал қайта өңдеу мен кәдеге жарату үлесі 21 пайыздан сәл ғана асады.

Динара Әжіғалиева, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің басқарма басшысы:

2025-жылға дейін салаға арналған анықтаманы бекітуіміз қажет. Қазір «қандай анықтамалар жасаймыз» дегенді ойластырып жатырмыз. Онда барлық техникалық талаптар мен ережелер жазылады. Қоқысты басқару саласындағы кәсіпорындар осы талаптарға сай жұмыс істеулері қажет болады.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу