Биыл даму әлеуеті бар 576 ауылда 1 100-ден аса жоба іске асады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл даму әлеуеті бар 576 ауылда 1 100-ден аса жоба іске асады

12.07.2022

Биыл даму әлеуеті бар 576 ауылда 1 100-ден аса жоба іске асады. Елді мекендерде әлеуметтік нысандар бой көтереді немесе ескісі жөнделеді. Сонымен қатар, ауыл ішіндегі жолдарды қалыпқа келтіру көзделген. Жалпы«Ауылым – алтын бесігім» бағдарламасы шеңберінде 3,5 мыңнан астам ауыл іріктелген. Ауқымды іс-шаралар «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында қолға алынып отыр. Сонымен қатар, жас мамандарды ауылға тарту жұмыстары да жалғасады. Баспана алу мен салу үшін де бюджеттік несие қарастырылған.

Нұрлан Мақсұтов ҚР ҰЭМ Өңірлік даму департаменті директорының орынбасары:

Дипломмен ауылға!» жобасы іске асуда. Биыл осы жоба бойынша республикалық бюджеттен 20 млрд теңге бөлінді. Жылдың соңына дейін 4 300 жас маманды ауылдық елдімекенге тарту жоспарланған.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу