Өскеменде арзан бағаға қант сатамын деген алаяқтар пайда болды
Өскеменде арзан бағаға қант сатамын, деп елді алдайтын алаяқтар пайда болды. Олар әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның атынан тұтынушыларға қоңырау шалып немесе хабарлама жібереді. Мол мөлшерде бағасы арзан қантты алу үшін тиісті соманы банк картасына аударуды сұрайды. Алайда кәсіпкерлік корпарация қызметкерлері бұл алаяқтардың ісі екенін мәлімдеді. Сондықтан азаматтарға абай болуды ескертеді. Егер қантқа қатысты қоңырау немесе хабарламалар түскен жағдайда бірден полицияға хабарласуды сұрайды. Ал арзан бағадағы қант тек әлеуметтік дүкендердің өзінде сатылатынын айтты. Жалпы өңірде қазір қант қат болып тұр. Кейбір дүкендерде бір келісі 800-1000 теңгеден саудаланып жатыр. Бірақ бірден таразыға түспестен сатылып кетеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем жаңалықтарына шолу
14.07.2026, 20:13
Франция мен Испания финал жолдамасы үшін таласады
14.07.2026, 20:13
Есік көлінің маңы қоқыстан тазартылды
14.07.2026, 20:13
Саясаткерлер мен партияларға бөлінетін қаржы қатаң бақыланады
14.07.2026, 20:12
Халықтық Конституция – ел дамуының жаңа кезеңі
14.07.2026, 20:11
Саясаттанушы: Құрылтай – үлкен саясат алаңы
14.07.2026, 20:10
Заңгер, қоғам қайраткері Сабыр Қасымовтың 75 жылдығына арналған ғылыми конференция өтті
14.07.2026, 20:09
Құрылтай депутаттығына 546 үміткер ұсынылды
14.07.2026, 20:09