24 жылда бас қаланың көрінісі ғана емес, тынысы да өзгерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

24 жылда бас қаланың көрінісі ғана емес, тынысы да өзгерді

10.07.2022

Бас қаладағы біраз ғимаратта жапон сәулетшілерінің ізі қалды. Астана өсіп, дамып келеді. 24 жылда қала көрінісі ғана емес, тынысы да өзгерді. «Әттегең-ай» деп күйінетін ЛРТ сияқты көзге «сүйел» боп тұрған сәтсіз жобалар да бар. Жарысып, жанталасып салынып жатқан үйлер кейде құжынаған құмырсқалар қалашағын еске салады. Есесіне мектептер мен ауруханалар жетіспейді. Оны да жасыра алмаймыз. Жаңадан салынса да, сол жағалаудың тар көшелеріне көлік сыймай, кептеліс те кейде қинап жібереді. Сарыарқаның сарышұнақ аязы бөлек әңгіме. Дегенмен, өмірін бас қаламен байлағандар үшін оның желі де самал, суық қысы да ыстық. Биыл қала күнінде отшашу болмады... Себебін де түсініп отырған шығарсыз. Түрлі сезімдерді тоғыстыратын, талай жанды табыстырған, соңғы кездері туған күні де талас тудырған – астана... Асылбек Данияр бас қаланың 1 күні қалай өтетінін сипаттайды. 

Асылбек Данияр, тілші:

Елорданың тағы бір таңы арайлап атып, жаңа күн басталды. Аздаған уақыттан соң тұрғындар оянып, күнделікті күйбең тіршілігіне кіресе бастайды. Бүгін біз өздеріңізге бас қала халқының таңнан кешке дейінгі бір күндік тыныс-тіршілігін көрсететін боламыз.

Асылбек Данияр, тілші:

Таңмен таласа оянған, спорт жанына серік еткен елордалықтарды қаладағы кез келген саябақтан кездестіруге болады. Қазір сондай жандардың бірін сөзге тартуға тырысайық. Ассалаумағалейкүм! Қайырлы таң! Таң қалай басталды? Спортпен айналысып жүргеніңізге қанша уақыт болды? Қай уақытта ояндыңыз?

Ермек Байділденов, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:

Негізі бес жарымда теңертең тұрамыз. Алтыда осы Триатлон паркке келеміз. Сол алтыда дене қыздыру жаттығуларын бастаймыз он-он бес минуттай. Күн сайын осылай жүгіріп жүреміз. Дене қыздыру он миунт сосын кеттік бір сағат жарты сағат әр күні әр түрлі ғой жүгіреміз.
- Негізі салауатты өмір салтын ұстанып жүргеніңізге қанша уақыт болды?
- Көп емес негізі жарты жыл ғана. Бірақ, өте қуаныштымын соған. Негізі ертерек келу керек еді соған. Әрбір адам былай ойлайды ғой әне барамын, міне барамын, ертең барамын ерініп тұрады, ұйқыларын қимайды. Негізі ерінбей тұру керек негізінде. Өз-өзімізді қолға алып негізі таңертең тұрып, ерінбей кете береміз ғой жүгіріп.

Асылбек Данияр, тілші:

Салауатты өмір салтын ұстанған қала тұрғындарының арасында жастардан бөлек, егде жастағы апаларымыздың бары да қуантып отыр. Қайырлы таң, апа, қалыңыз қалай?

Тиыштық Қазкенова, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:

Көшіп келгеніме 12 жыл болды. Он екі жылдан бері мынау, мінекей құрбым. Апаларымың 79 жаста. Мен 77 жасқа Алла қаласа таянып тұрмын. Он екі жылдан бері қол ұстасып жүріп келе жатырмыз. Ең жасымыз 69 да. Таңертең сағат 4:15-те тұрамын, бұл қыздардан ерте шығып есік алдындағы тренажерде отырамын 20 минуттай. Содан кейін сағат тура 5:30 да пандустан түсіп осында жүреміз. 9 шақырым жүргеннен кейін үйге барып тағы жаттығу жасап, тамағымызды жасап, әрі қарай тіршілігімізге қарай жүре береміз.

Тамаша. Енді елордада дене шынықтырумен айналысуға қаншалықты жағдай жасалған. Негізі мен елорданың әкімдіктеріне ризамын. Өйткені, есіктің алдында бізге денемізді қозғалтатын темір-терсектер дейміз оның аттарын өздеріңіз айта жатарсыздар, сонымен жаттығамыз.

Қала ажарын тек сәулетті ғимараттары мен көрікті гүлзарлары ашпайды. Көрер көзге ерекше әсер беретін ол – аулалар мен көшелердің тазалығы. Бас қалада да тазалыққа ерекше мән беріледі. Таңның атысымен арнайы көліктер мен мамандар іске кіреседі. Шашылып жатқан қоқысты жинап, көшелерді сыпырып, көгалдарға су шашады.

Гүлсім Оспанова, «Астана тазалық» АҚ қызметкері:

Он бес күнде ауысып отырамыз. Мысалы, таңертең төрт жарымда шықсақ 8-де жұмыс орнымызға шығамыз. Сосын он бес күннен кейін тағы да ауысамыз Киевкадан түнге 2:30 шығамыз. Сосын таңғы алтыда жұмысқа кірісеміз. Жалақымыз 130 мың теңге окладымыз, енді қалмай жұмыс істесек шыққан ақшамызды аламыз.

Асылбек Данияр, тілші:

Таңертеңгі-кешкі қарбаластағы кептеліске елордалықтардың әбден еті үйреніп кеткен. Десе де, осы проблеманы шешу үшін, халықтың уақытын үнемдеу мақсатында 2011 жылы жерүсті метросының іргетесы қаланды. Жоспар бойынша ол 2017 жылғы ЭКСПО көрмесін орай аяқталуы керек еді. Clip0223 Бірақ, арадан бақандай 11 жыл өтті сол баяғы жартас сол жартас. Қаланың көркіне емес, күйігі болып тұр. Тіпті, осы аралықта шаһарда бес рет әкім ауысса да. Бұл бағаналарды қазір халық «Жемқорлықтың символы» деп атайды. Оған себеп те жоқ емес.

«Сақалды құрылысқа» айналған «LRT-ға» бөлінген қаржы талан-таражға түсіп, миллиардтаған қаржы жымқырылған. Оған нақты кімнің кінәлі екені әлі белгісіз. Іске қатысы болуы мүмкін деген бірнеше шенді ұсталып, тағы біреуіне халықаралық іздеу жарияланды. «Жемқорлықтың иісі мүмкігіген» бұл жобадан халықтың да көңілі қалған. Жер үсті жолдың болашақта пайдалануға берілетініне біреу күмәнмен қараса, ендігі біреу сеніммен қарайды.

Ал қала билігі «LRT» керек деп отыр. Мұндай шешім қазақстандық және халықаралық көлік транспорт сарапшылары мен тұрғындардың өтінішінен кейін қабылданыпты. Мамандар жобаны аяқтаған кезде ғана көлік кептелісі реттелетінін айтыпты. Оның үстіне қазіргі бағандарды бұзу үшін қыруар қаржы керек. Алтай Көлгіновтің айтуынша, осы жоба үшін Қазақстан шетелден 475 миллион АҚШ долларын қарызға алған. Ал, жұмысты аяғына жеткізу үшін тағы 577 миллион доллар қажет.

Алтай Көлгінов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі:

Сол үшін қайтадан қайтып келдік. Қаланың өсу қарқынын, қаланың тұрғындарының және нысандардың бәрі жасалған жұмыс сосын келісім шарт жасалған, ол енді халықаралық міндеттемелерден алынған. Ол жерде арбитраж деген бар, соттасуы мүмкін. Сонда түбіне келгенде оны аяқтау абзал болып тұр.

Қала тұрғындарын толғандырған тағы бір мәселе – қоғамдық көліктің жетіспеушілігі, тазалығы мен аралық уақыты. Сұранысқа ие бірнеше бағыттағы автобустар әбден ескірген, техникалық жағы да оңып тұрған жоқ.

Күнде таңертең мінемін, адам көп болады. Түрып барамыз 1 сағаттық жол ғой.

70 автобус ескісіне ескі. Ішінде кондиционер жоқ адам өте көп болады. Өткенде келе жатқан бір жолда жас қыздың жүрегі қысылып, ыстықтан құлады. Автобусты ауыстырса жаңа автобусқа заманауи. Бұдан көбірек автобус болса, кісі аздау отыратындай болып.

Қазір қалада 80 автобустың тозығы жеткен. Олардың бағыттан алып тастау үшін инвесторлардың жаңа қоғамдық көліктерді алып келуін күту керек, дейді. Ал, автобустардың күту уақытының созылуына техникалық себептер, жүргізушілер мен көлік құралдарының жетіспеушілігі секілді факторлар әсер етеді, дейді жауаптылар.

Салтанат Қуанышбекқызы, «CTS» ЖШС компаниясының көлікті үйлестіру департаментінің менеджері:

Автобустарды жаңарту автобус парктерімен тікелей жұмыс жасалынады және бағытты ұйымдастыратын автобус паркі арқылы жаңартылады автобустар. Қазірге жоспар бойынша үшінші парк 15 автобус алып келді. 6 парк жылдың соңына дейін тағы 10 автобус сатып алуға бел буып отыр. Сол алған автобустар 53,70 маршруттарға бағытталатын болады.

Асылбек Данияр, тілші:

Сәулеті мен салтанаты келіскен Қазақстан астанасына қызығушылық танытатындар да аз емес. Бүгінде елорда халықаралық маңызды оқиғаларға үн қосатын, шиеленіскен оқиғалардың түйінін тарқататын қалаға айналды. Тағы бір дәлел бас қалаға жыл сайын келетін туристердің саны. Әрине, пандемияның кезінде туризм саласы әжептәуір тұралап қалды. Біздің елімізді ғана емес, бүкіл әлемде. Қалалық басқарма өкілі қазір жағдайдың біртіндеп реттеліп келе жатқанын айтады.

Туристер көбіне елорданың бойтұмарына айналған «Бәйтерекке» ,«Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығына, «Әзірет Сұлтан» мешіті, Нұр Әлем музейі, Нұрлы жол бульвары мен Есіл өзенінің жағалауына қызығатын көрінеді. Қаланың туристік әлеуетін арттыруға бағытталған ірі жоба 2026 жылға дейін аяқталады. Ол Ұлы дала мен Тұран даңғылы бойына салынып жатқан «Туристік квартал» кешені.

Ғалымжан Каримов, Нұр-Сұлтан қалалық туризмді дамыту бөлімінің басшысы:

2020 жылмен салыстырғанда 80 пайызға туристер саны өсті. Мысалы 2020 жылы 421 мың болса, қазіргі таңда 750 мыңнан асып кеттік. 2022 жылдың бірінші тоқсанын алатын болсақ, қазіргі таңда 200 мыңнан астық. Ең көбі енді қазіргі таңда келіп жатқан Ресей Федерациясынан 25 пайызға жуық, одан кейін Түркиядан келеді жәнеде БАӘ көп кісілер келеді. Бұрынғыдай ТМД елдерінен көп келеді әсіреді.

Асылбек Данияр, тілші:

Елорда халқы жылдан-жылға өсіп келеді. Мәселен 1998 жылға дейінгі ел астанасы болған Ақмола қаласында 326 мың адам тұрған. Ал, қазір бұл көрсеткіш бірден төрт есеге жуық өскен. Бүгінде бас қалада 1 200 мыңнан аса тұрғын өмір сүреді. Осылайша, Нұр-Сұлтан қаласы республика бойынша халық саны жағынан 5 орынға жайғасқан.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елордада әйелдердің саны басым. Егер сол уақытта қалада 174 мың әйел және 152 мың ер адам тұрған болса, қазір әйелдер саны – 657 мың (52%), ерлер – 605 мың (48%).

Асылбек Данияр, тілші:

Елорда - жастардың қаласы. Бүгінде қаланың жас интеллигенциясы толық қалыптасты деп айтуға болады. Қазір оларға деген қолдау да артып келеді.

Сапалы білім алуға, шығармашылығын дамытуға, спортпен шұғылданып, мәдени тынығуға барлық жағдай жасалған.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу