Жамбыл облысында 1000-нан астам оқушы тегін тамақтан қағылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында 1000-нан астам оқушы тегін тамақтан қағылды

07.07.2022

Жамбыл облысында мыңнан аса оқушы мектепте тегін берілетін ыстық тамақтан қағылған. Заңсыз әрекетті аудандық прокуратура анықтады. Қордай ауданындағы білім мекемелерінде арнайы тексеріс жүргізілген. Нәтижесінде, атаулы әлеуметтік көмекпен қамтылған отбасы балаларына заңмен белгіленген жеңілдіктер жасалмаған. 7748 бала тегін аспен қамтылу керек болса, оның 1124-не берілмеген.

Гауһар Байтілиева, Облыстық білім басқармасының бас маманы:

1124 балаға сұраныс келіп түскен сәуір айында. Білім басқармасы тарапынан жұмысшы тобы құрылып, зерделеу жұмыстары жүргізілді. Соның ішінде 40 баланың ғана құжаттары жинақталғаны дәлелденді. Қайтадан құжаттарды жинақтау барысында егер толық дәлелденетін болса құжаттарымен барлығы қамтылады.


Хабарламаларға жазылу