Еңселі елордаға - 24 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еңселі елордаға - 24 жыл

07.07.2022

Биыл ел астанасына - 24 жыл. Осыған орай бас қалада түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырылып, қала күні атап өтілді. Мерейлі мерекені атап өтуге құрылған бағдарламар қаланың барлық аумағын қамтып, қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл күй сыйлады.

Елорда күніне орай «KERUEN FEST» шарасы өтті. 8 сағатқа жоспарланған мерекелік шараға қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Аян Ерментаев, қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы:

Жоба 8 бағдарламадан тұрады. Басты мақсатымыз - қала тұрғындарының бүгінгі демалысы пайдалы өткізуі, салт-дәстүрлерді насихаттау болып табылады.

Иә, шаһар тұрғындарының мәдени-рухани демалуы үшін сондай-ақ, танымдық кездесулер, ұлттық ойын түрлерінен сайыстар, кітап көрмесі мен шеберлік сағаттары ұйымдастырылды.

Гүлмира Әбілғазина, Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі директорының орынбасары:

Ең бірінші біз кітап көрмемізді Абай шығармасынан, астана туралы шығармалардан бастап отырмыз.

Ақмаржан Ғафизқызы, тілші:

Мерекеде - пайдалы іс. Қала күніне тұрғындар мен қонақтарға осындай тосынсый жасалды. Ұлттық өнерді дәріптеу үшін түрлі шеберлік сыныптары өткізіліп жатыр. Мына алаңда өзіңізге қалаған өнер түрін меңгеруге таптырмас мүмкіндік бар.

Төл өнерімізді насихаттау барысында өткізілген шеберлік сағатта тұрғындар

 ұлттық нақышта түрлі бұйымдар жасап, халқымыздың ою-өрнек түрлерімен танысты.

Күн ұзағына ұласқан мейрам ашық аспан астындағы мерекелік концертпен аяқталды.

Сымбат Танашева, «Astana FM» радиосының директоры:

Біз тыңдармандарымызбен қайта қауышып жатырмыз. Бүгін өнерпаздар халықты әуезді әнмен қуантады. Бүгін радиодағы тыңдармандар сұранысына ие әндер орындалатын болады.

Ақмаржан Ғафизқызы, тілші:

Әуелеген әсем ән, мерекелік көңіл күй, бәрі-бәрі осында. Карантинде тоқтап қалған «Ореn air» шарасы міне қайта жаңғырып, елорда тұрығындарын қуантуда. Концертке эстрада жұлдыздары мен танымал өнерпаздар қатысып, мерейлі мереке барынша жоғары деңгейде атап өтілуде.

Ақмаржан Ғафизқызы


Хабарламаларға жазылу