Атыраудағы Теңіз мұнай кенішіндегі апаттан екі адам көз жұмды
Атыраудағы Теңіз мұнай кенішіндегі апаттан екі адам көз жұмды. Зардап шеккендер де бар.
Жандос Темірғали, тілші:
Өндірістік апат кеше Теңіз мұнай кенішінің жаңа бөлігінде яғни, үшінші буын зауытта болды. Аталған кешеннің 42-ші учаскесінде гидротест жүргізу кезінде қатты қысымнан құбыр желісінің қосындысы үзіліп, салдарынан 1985 жылы туған 2 жұмысшы жан тапсырды. Бірі сол оқиға орнында екіншісі ТШО клиникасында көз жұмған. Марқұм болғандар «Сенімді құрылыс» деп аталатын мердігер мекемеде еңбек еткен. Тағы 3 адам жарақат алды.
Осы қайғылы оқиғадан кейін, облыс әкімі жауаптылардың бәрінің басын қосып шұғыл жиын өткізді. Серік Шапкенов қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасына материалдық көмек берілетінін жеткізді. Қазір апаттың себеп-салдарын тереңірек анақтау мақсатында облыстық деңгейде арнайы комиссия құрылды.
Жандос Темірғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда халықаралық көрме ашылды
06.03.2026, 20:59
Бүгін Ақ Паралимпиаданың алауы тұтанады
06.03.2026, 20:57
Тағдыр сынына мойымаған, қайсар мінезімен көпке үлге болған спортшы
06.03.2026, 20:54
Боччадан республикалық турнир өз мәресіне жетті
06.03.2026, 20:51
Әлем әйелдермен әдемі
06.03.2026, 20:50
Мемлекет басшысы халықаралық Қызыл Крест комитетінің президентімен кездесті
06.03.2026, 20:21
Мемлекет басшысы мереке қарсаңында бір топ қыз-келіншекті марапаттады
06.03.2026, 20:17
Президент мерекелік концертті тамашалады
06.03.2026, 20:16