Кеніштегі апат: Бір жұмысшының халі ауыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кеніштегі апат: Бір жұмысшының халі ауыр

07.07.2022

Атыраудағы Теңіз мұнай кенішінде болған апаттан тірі қалған үш жұмысшының бірінің халі ауыр. Ал өзге екеуінің жағдайы тұрақты. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы айтты. Өндірістік апаттан екі адам көз жұмғанын, бұған дейін хабарлаған едік. Оқыс оқиға мұнай кенішінің жаңа бөлігінде яғни, үшінші буын зауытта болды. Кешеннің 42-ші учаскесінде гидротест жүргізу кезінде, қатты қысымнан құбыр желісінің қосындысы үзіліп кеткен. Салдарынан 2 жұмысшы қаза тапты. Бірі оқиға орнында, екіншісі ТШО клиникасында көз жұмған. Марқұм болғандар «Сенімді құрылыс» деп аталатын мердігер мекемеде еңбек еткен. Қазір апаттың себеп-салдарын тереңірек анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылды

Асхан Байдуәлиев, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

Төртінші жарақат алған адам Жылыой аудандық ауруханасына жеткізілді. Ол кісінің жанбасы жарақат алған. Оған да толықтай көмек көрсетіліп жатыр. Жағдайы орташа тұрақты. Бесінші зардап шегушіге кен орындағы ТШО клиникасында психологтармен көмек көрсетіліп жатыр.

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу